Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы
Географиялық орналасқан орны: Атырау қаласы, Сүлеймен Сауырғалиев көшесі, 1.
Координаттары: N 47°05'52.8" E 51°53'55.6"
Нысанның мәртебесі: ХХ – ғасырдың сәулет және қала құрылысы ескерткіші.
Сипаттамасы: Сүлеймен Сауырғалиев көшесі №1 үйде орналасқан. 1982 жылы Атырау облысының тарих және мәдениет ескерткіштер тізіміне енгізілген.
Мәдениет сарайы мұнайшыларға арналған тұрғын-үй қалашығымен бірге салынған. Бұл Гурьев мұнай өңдеу заводы құрылысын салу үшін, Атырауға келген мамандар мен жұмысшылардың сұранысын қанағаттандыруға арналған тұтас тұрғын-үй, мәдени-демалыс және тұрмыстық құрлыс кешені.
Сәулетшілер А.В. Арефьев пен С.В. Васильковский тұрғын – үй қалашығы құрылысының біріңғай бас жоспарын жасады, соның ішінде мәдениет сарай маңызды орын алды. Қалашықтың жалпы құрылысы 1943 – 1948 жылдары аралығында жүргізілді.
Қалашықта жалпы тұрғын-үй аумағы 10 160 шаршы метр болатын 55 тұрғын үйлерден, жеті жылдық мектептен, балалар бақшасынан, орталық бу қазанынан, ауруханадан, наубайханадан, су құбыры мұнарасынан, сыртқы жылу және кәріз желісінен, жасыл желектерден және саябақтан тұрды.
Мәдениет сарайы 1948 жылдың қазан айында пайдалануға беріліп, қалашықтың және барлық Атырау қаласының орталық нысанына айналды. Ғимарат құрылысын «Қазмұнайқұрлыс» тресті тұрғызды. Мәдениет сарайының басты көзтартарлық орны 400 көрерменге арналған керемет көрермен залы болып табылады. Бұдан басқа, үйірме жұмысына арналған бөлме, көрме және ашық шаралар өткізуге арналған кең фойе залы қарастырылған.
Қазіргі уақытта Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы – Атыраудағы қаланың мәдени өмірінің орталығы болып табылады. Жыл сайын мәдениет сарайында мемлеттік мерекелерге арналған салтанатты шаралар, кинофильмдер көрсету, классикалық сазды және эстрада жұлдыздарының концерттері, фестивальдар мен конкурстар, жастарға арналған және басқада көптеген 500 – ден астам түрлі маңыздағы шаралар өткізіледі.
Мәдениет сарайы жанынан шығармашылық ұжымдар және балалар мен ересектерге арналған үйірмелер қызмет жасайды.
Әдебиеттер:
1. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы: Атырау қаласы және Махамбет ауданы. IV Т. - Атырау, 2013.- 96 бет;
2. Сакральный Казахстан. Т. 2. – Астана, 2018 – С.130 – 131;
3. Есенов Ж. Первенец нефтепереработки Казахстана.Т.1. - Атырау, 2011-252 с.