Ақпарат
Фотогалерея
Бейнеролик
Виртуалды тур

Қарашұңғыл қорымы

Географиялық орналасқан орны: Жылыой ауданы, Құлсары қаласынан оңтүстікке қарай 53 км, Майкөмген ауылынан батысқа қарай 23 км қашықтықта.

Координаттары: N 46°29'45.1" E 54°03'19.4"

Нысанның мәртебесі: XVIII - ХХ ғасырдың қала құрылысы және сәулет ескерткіші, ірі жерлеу-табыну ансамблі.

Сипаттамасы: Ол XVIII - ХХ ғасырдың басында Каспий маңы Қарақұмдарының солтүстік бөлігінде Қарашұңғыл сорының аумағында пайда болды. Ескерткіштің аумағы 9,3 гектар жерді алып жатыр. Қорғалатын аймақтың жалпы ауданы 33,7 гектарды құрайды. Оның ішінде: құрылыс салуды реттеу аймағының ауданы – 10,2 гектар; қорғалатын табиғи ландшафт аймағының ауданы – 23,5 гектар.

Қорым алғаш рет XIX ғасырдың соңында, зираттың жалпы фотофиксациясы жүргізілген кезде зерттелді. Өткен ғасырдың 50-ші жылдары ресейлік мамандар барлау жұмыстарын, соның ішінде қазба жұмыстарын жүргізді. Қазіргі кезде қорымды белгілі қазақстандық этнограф С.Е. Әжіғали бастаған ғалымдар тобы зерттеді.

Қорым екіге бөлінеді: Батыс ежелгі кездегі және шығыс бөлігі. Онда мыңға жуық жерлеу орындары бар. Орталықта қада қағылған қарапайым қабір үсті төбе түрінде эпонимнің (қасиетті қария Қара) қабірі орналасқан. Құрылыстың негізгі түрі киіз үй түріндегі шикі сазды саман тасты бір камералы кесенелер, олардың көпшілігі қатты қираған. Солтүстік Каспий жағалауына тән тік бұрышты және сопақша "шеген"қоршауларының түрі де кең таралған. Олардан басқа шикі кірпіш саманнан жасалған дәстүрлі қоршаулар да аз емес. Қорымда мыңға жуық ескерткіш бар. Қорымда қазіргі кездегі зираттарда кездеседі.

Қарашұңғыл атауын сөзбе – сөз аударғанда қара ойыс, шұңқыр деген мағана береді. Бірақ аңыздардың біріне сәйкес, бұл атау осы жерде жерленген Қара деген жігіттің және Шынгүл есімді қыздың құрметіне берілген.

Батыс бөлігінде түнде түнейтін келушілерге арналған үй түнек салынған.

Әдебиеттер:

1. Сакральный Казахстан. Т.2. – Астана, 2018 – С.192;

2. Решение Атырауского областного маслихата от 20.06.2018 г. за № 227-VI. Приложение -2;

3. Ажигали С.Е. Архитектура кочевников – феномен истории и культуры Евразии (памятники Арало – Каспийского региона) – Алматы, 2002 – С.129-130;

4. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы:Жылыой Мақат аудандары. Т.III. - Атырау, 2013.-11-45 бет.