Ұшқан ата қорымы
Географиялық орналасқан орны: Жылыой ауданы, Құлсары қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 50 км қашықтықта және бұрынғы Мұнайлы кенті орнының қиранды үйінділерінен 20 км жерде орналасқан.
Координаттары: N 46°35'06.0" E 54°30'26.7"
Нысанның мәртебесі: Тарих және мәдениет ескерткіші.
Сипатамасы: Қазақстанның ең қастерлі киелі жерлерінің тізіміне енгізілген. Ескерткіштің аумағы 9,9 гектар жерді алып жатыр. Қорғалатын аймақтың жалпы ауданы 30,2 гектарды құрайды. Оның ішінде: қорғау аймағының ауданы– 6,5 гектар; құрылыс салуды реттеу аймағының ауданы – 15,2 гектар; қорғалатын табиғи ландшафт аймағының ауданы – 8,5 гектар.
Қорым атауы осында жерленген Әулие Ұшқан атаның есімімен аталады. Ол ислам дінін алғашқы уағыздаушыларының бірі болды. Ол өзі өмірінде бірқатар қызықты кереметтер жасаған. Аңыз бойынша, ғалым және көреген Ұшқан ата өз туыстарын өлтірген құқық бұзушыларға жасалған жорық кезінде қаза тапқан. Қорымда 200-ден астам қабір бар.
Басқа нұсқа бойынша, қорымның атау "үшаққан" (Үш бұлақ) немесе "үшқан" (үш қан) сөздерінің тіркестерінен шыққан және оны XVIII ғасырдағы қазақтар мен қалмақтар - торғауыттар арасындағы қанды шайқастармен байланыстырады. Кешен Алтын Орда кезеңінде пайда болды, қазір мұнда 2 мыңға жуық жерленген қабір орындары бар. Ортағасырдағы қабір басындағы тастар нашар сақталған, ал кейінгі кезеңдегілердің бастапқы пішіні сақталған.
Қорым ортағасырлық сауданың бұрынғы ірі орталығы болған Алтын Орда кезеңінің қонысының жанында пайда болды. Сондықтан мұнда бірнеше ғасырлар бойы жерлеу – ғибадат ескерткіштерінің алуан түрлері бар үлкен қорым қалыптасты. Кешеннің оңтүстік-батыс бөлігінде Ұшқан ата жерленген, оның қабірі үйіндісі үстінде дәстүрлі ағаш сырығы қағылған. Бұрын бұл жерде қазір қираған шағын мешіт болған. Ортағасырлық ескерткіштердің көпшілігі қираған күйде.
XVIII – XX ғғ. басындағы қазақ ескерткіштерінің архитектуралық-сәулет бейнесі сақтап қалған. Олардың арасында шикі саздан салынған кесенелер тобы – үйтамдар, төрт бұрышты қоршаулар – төрткұлақтар және әдемі жасалған құлпытастар ансамблдері бар. Зерттеуші М.М. Меңдіқұловтың пікірінше, құлпытастарды үш топқа бөлуге болады:
– XVIII ғсырдың ортасы мен XIX ғасырдың басындағы үлкен және мәнерлі көлемді декор элементтерімен жасалған;
– XIX ғасырдың ортасында көлемді элементтердің, жазық бедерлі декор мен эпиграфиканың канондық үйлесімімен жасалған;
– XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында жасалған, биіктігі 3,5 м-ге дейін алып бағаналы стелалар.
Соңғы кезеңде жасалған құлпытастардың басым бөлігі ағайынды тас қашаушылар Елеусін мен Елболсын Егісенұлылардың шығармашылығына жатады.
Ұшқан ата қорымы қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің ең ірі және жарқын ескерткіштерінің бірі болып табылады.
Әдебиеттер:
1. Сакральный Казахстан. Т.2. – Астана, 2018 – С.193-194;
2. Решение Атырауского областного маслихата от 20.06.2018 г. за № 227-VI. Приложение -4;
3. Ажигали С.Е. Архитектура кочевников – феномен истории и культуры Евразии (памятники Арало – Каспийского региона) – Алматы, 2002 – С.128-129;
4. Эпиграфические памятники атырауских казахов. Т.I.- Атырау, 2017 – С.99-143;
5. Сакральные объекты Казахстана общенационального значения. – Астана, 2017 – С.253-255;
6. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы:Жылыой Мақат аудандары. Т.III. - Атырау, 2013.- 96-109 бет;
7. История и культура Атырау в русских источниках (XVIII-XX вв.) Том 1. / сост. Кипиев М.- Атырау, 2014.