Ақпарат
Фотогалерея
Бейнеролик
Виртуалды тур

Шерліғұл діни – тұрмыстық кешені

Географиялық орналасқан орны: Жылыой ауданы, Құлсары қаласынан шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай 139 км қашықтықта Желтау тауында.
Координаттары: N 46°30'59.6" E 55°42'41.2"

Нысанның мәртебесі: Шерліғұл діни-тұрмыстық кешені – XVIII ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы тарих және мәдениет ескерткіші.

Сипаттамасы: Ескерткіш тұрғын үй құрылыстарының қалдықтарынан және жерлеу құрлыстарынан тұрады. Мешіттен, 2 мазардан, 10 қойтастан, 15 сағанатамнан, 50-ден астам құлпытастан, 50 қоршаудан және 200-ге жуық құлпытастан тұратын тұтас бір ансамбльді ескерткіштер тобын құрайды. Жақын жерде тұрғын үй-жайлардың, мал қораларының және басқа ғимараттардың қираған қалдықтары бар. Қорыммен бірге тұрғын үй кешені сол кездегі қазақтардың мәдениетін түсініп білу үшін маңызды тұтас тарихи ескерткіштердің көрнісін береді.

Кешен исламды уағыздаушылардың бірі, әулие және танымал емші ретінде ретінде танымал болған Шерліғұл Сәттіғұлұлының (1830-1920) есімімен аталады, ол аңыз бойынша, ол 12 жасында рухани білім алу үшін Бұхараға барып, Түркия мен Шығыс Араб елдерін аралаған. Шерліғұл 22 жасында үйіне елге оралып, бірінші кезекте ол Желтаудың шығыс бөлігінде мешіт салып, балаларды оқытып, емшілікпен айналысқан. Осы уақытқа дейін халық арасында бұл адамның әулиелігі туралы аңыздар сақталған.

Әдебиеттер:

1. Сакральный Казахстан. Т.2. – Астана, 2018 – С.220-221;

2. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы:Жылыой Мақат аудандары. Т.III. - Атырау, 2013.-109-124 бет;

3. Мендикулов М.М. Памятники архитектуры полуострова Мангышлак и Западного Казахстана – Алма-Ата, 1956;

4. Мендикулов М.М. Памятники народного зодчества Западного Казахстана – Алма-Ата, 1987.