Шолабай діни-тұрмыстық кешені
Географиялық орналасқан орны: Жылыой ауданы, Құлсары қаласынан шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай 132 км қашықтықта Желтау тауында.
Координаттары: N 46°28'43.0" E 55°34'20.4"
Нысанның мәртебесі: Шолабай діни-тұрмыстық кешені XIX-ХХ ғасырдың басындағы тарих және мәдениет, археология және сәулет ескерткіші.
Сипаттамасы: Кешеннің ауданы шамамен 500х750 м, 5 бөліктен тұрады. Орталығында мешіт, тұрғын үйлер бар. Кешен ішінде тұрғын үй құрылыстары, малға арналған қоралар, бақылау пунктіне ұқсайтын бөлмелі ғимарат кездеседі.
Кешен көркем әсем жерде орналасқан, суық солтүстік желден қорғанатын жан-жағы қоршалған ойпаңда орналасқан. Бұл таза судың көзі және бай табиғаттың өзі тұрғындардың көшіп келіп тұруына жайлы болып келеді. Салынған құрлыстар табиғи ландшафтқа үйлесе отырып, табиғи террассада орналасса, ал қорым тау бөктерінде орналасқан.
Қазақ ауылдары үшін тұрғын үй ғимараттарының архитектурасына тән емес, өйткені құрлыстарды салуда негізгі материал ретінде тау тастарын пайдаланған. Салынған үйлер ғимараттары негізінен сәклі типінде тұрғызылған. Қорымдағы бейіттер тастан қаланған құлпытастармен, қойтастармен безендірілген, тастан сағанатамдар мен мазарлар салынған. Бұл - XVIII ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ сәулеті мен сәулет өнерінің жарқын үлгісі болып табылады.
Әдебиеттер:
1. Сакральный Казахстан. Т.2. – Астана, 2018 – С.221-222;
2. Мендикулов М.М. Памятники архитектуры полуострова Мангышлак и Западного Казахстана – Алма-Ата, 1956;
3. Мендикулов М.М. Памятники народного зодчества Западного Казахстана – Алма-Ата, 1987;
4. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы: Жылыой Мақат аудандары. Т.III. - Атырау, 2013.-139-164 бет.