Қызыл-қала бекінісі
Географиялық орналасқан орны: Жылыой ауданы, Тұрғызба селосынан батысқа қарай 7 км қашықтықта, Шоқпартоғай ауылынан 10 км қашықтықта орналасқан.
Координаттары: N 47°04'27.4" E 53°44'35.7"
Нысанның мәртебесі: XIX ғасырдағы археология ескерткіш.
Сипаттамасы: Бекіністің батыс бөлігінен 1,5 км жерде Жем өзені ағып өтеді.
Бекіністің мөлшері 350 х 100 м. Бекіністе шикі саман тастан және күйдірілген кірпіштен салынған әскер казармаларының, тұрғын үйлердің қираған үйінділер орындары бар. Жергілікті тұрғындар бекіністі "Қызылқала" деп атайды, бастапқы атауы белгісіз.
Бекіністе ұсталық шеберхана, наубайхана, балық өңдейтін завод жұмыс істеген. Қызылқала бекінісін 1964-1970 жылдары жергілікті өлкетанушы Ибатай Нығметжанов қазған. Бекініс ХҮІІІ ғасырдың аяғында балық өндірісі кенті және Ресейдің оңтүстігіндегі шекара заставасы ретінде салынған.
Әдебиеттер:
1. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы:Жылыой Мақат аудандары. Т. III. - Атырау, 2013.- 210 бет;
2. Афанасьев В.К., Бисенов С.Б., Галкин Л.Л., Работы в Западном Казахстане// Археологические открытия,1975-М., 1976;
3. Касенов М.С. Атырау-Каспий ойпатындағы отырықшылық ескерткіштері. - Атырау – 2011. - 113 бет.