Ақпарат
Фотогалерея
Бейнеролик
Виртуалды тур

Орал мейрамханасы

Географиялық орналасқан орны: Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 41.

Координаттары: N 47, 112023° E 51, 916488°.

Нысанның мәртебесі: ХІХ ғасырдың сәулет және қала құрылысы ескерткіші.

Сипаттамасы: Ғимараттың сәулетшісі белгісіз. 2010 жылы Атырау облысының тарих және мәдениет ескерткіштер тізіміне енгізілген.

Ғимарат биік, тік бұрышты бір қабатты. Кірпіш ерекше негізде қаланған. Металды жабындымен жабылған. Терезелері тіректі аркалармен безендірілген. Жалпы көлемі 1800 шаршы метр. ХІХ ғасырдың соңында салынған.

Купес Ф.И.Тудаковтың түрлі товарлар сату үшін салынған бұрынғы дүкені. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ф.И.Тудаков Атырауда ең ірі саудагерлердің бірі болған.

Осы кезге дейін жақсы сақталған және «Орал» мейрамханасы ретінде пайдалануда.

Әдебиет:

1. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы: Атырау қаласы және Махамбет ауданы. IV Т. - Атырау, 2013.- 105 бет.