Орыс-қазақ мектебінің ғимараты
Географиялық орналасқан орны: Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылында, Халит Испулаев көшесі, 15 үй.
Координаты: N 46°36'24.1" E 49°16'07.6"
Нысанның мәртебесі: Қала құрылысы және сәулет ескерткіші.
Сипаттамасы: Құрманғазы кентінде орналасқан. Бұл осы аумақтағы қазақ балалары үшін алғашқы ашылған мектеп. Ғимараты 1895 жылы салынған .
Бастапқыда мектеп қабырғалары ағаштан жасалып, төбесі темір қаңылтырмен жабылған. Ғимарат бір қабатты, ауылдың орталық көшелерінің бірінде орналасқан. XIX ғасырдың аяғындағы орыс сәулет дәстүрінде салынған. Бастапқы түрдегі ғимарат жобасы екі бөлімнен тұрды – сабақтар өткізілген негізгі ғимараттан және бастапқыда оқушылар мен мұғалімдер тұрған қосымша ғимарат.
Мектепті ұйымдастыру идеясын қазақтың көрнекті ағартушысы және осы шекара округінің әкімі Мұхамеджан Бекмұхамбетов (Мақаш) болған. Ол мектеп құрылысын салуда жеке қаражат бөлді.
Бұл Атырау облысындағы ең көне оқу орны. Көптеген жылдар бойы мектепте балалар оқытылып сабақ жүрді. Кейін ол музыкалық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатқа айналды, ал 2011 жылы ол балалар кітапханасына берілді.
Әдебиеттер:
1. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Исатай, Құрманғазы аудандары. – Алматы, 2012 –б. 46-157.