Тұрлан мола қорымы
Географиялық орналасқан орны: Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км қашықтықта.
Координаттары: N 48°10'28.5" E 52°51'28.5"
Нысанның мәртебесі: XIX ғасырдағы қала құрылысы және сәулет ескерткіші.
Сипаттамасы: Қорым екі ғасыр бойы салынған құлпытастар мен кесенелердің тұтас кешенінен тұрады. Ашық даладағы төбеде орналасқан. Батыс бөлігінде 1855 жылы 45 жасында жерленген Асауұлы Тұрлан батырдың жерленген жерінде құлпытас орнатылған.
Ең маңызды жерлеу құрылыстарының бірі қорымның солтүстік бөлігінде орналасқан кесене. Ол пирамида түрінде саман тасты материалдан тұрғызылған. Батыс жағында 8 құлпытас орнатылған, олардың бірі 1862 жылмен белгіленеді.
Әдебиеттер:
1. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы:Қызылқоға, Индер ауданы. - Атырау, 2012.-35 бет;
2. Мендикулов М.М. Памятники архитектуры полуострова Мангышлак и Западного Казахстана – Алма-Ата, 1956;
3. Мендикулов М.М. Памятники народного зодчества Западного Казахстана – Алма-Ата, 1987.