Тілеген мола қорымы
Географиялық орналасқан орны: Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 33 км қашықтықта. Сарыкөл қыстағынан оңтүстік-шығысқа қарай 6,8 км қашықтықта.
Координаттары: N 48°09'22.4" E 52°52'33.4"
Нысанның мәртебесі: Қала құрылысы және сәулет ескерткіші.
Сипаттамасы: Тілеген мола қорымы XIX – XX ғғ. басын қамтиды. Қорымның жалпы ауданы 87,0 х 166,0 м, оны көрнекті этнограф С.Е. Әжіғали басқарған экспедиция зерттеген.
Бұл құлпытастар, қоршаулар мен кесенелер сияқты діни және жерлеу құрылыстары мен ғимараттарының ансамблі. Некрополь халық арасында танымал және сүйікті әулие Тілегеннің есімімен аталған. Ол қуғынға ұшырағандықтан, мұнда ол жерленбеген, бірақ оған биіктігі 10 метр шикі кірпіштен салынған пирамида тәріздес кесене тұрғызылған.
Қазір бұл ғибадат орны, онда көп адамдар дұға етуге келеді. 2004 жылдан бастап тарих және мәдениет ескерткіші болып жарияланды және мемлекеттің қорғауына алынды.
Әдебиеттер:
1. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы:Қызылқоға, Индер ауданы. - Атырау, 2012 - 36 бет;
2. Мендикулов М.М. Памятники народного зодчества Западного Казахстана – Алма-Ата, 1987.