Қорғанша қалашығы
Географиялық орналасқан орны: Қызылқоға ауданы, Қаракөл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 12 км қашықтықта.
Координаттары: N 48°42'10.1" E 52°59'12.6"
Нысанның мәртебесі: Археология ескерткіші.
Сипаттамасы: Ескерткіштің аумағы 15,3 гектар жерді алып жатыр. Қалашықтың аумағы 375 х 375 м., бекіністің қабырғалары шикі балшықпен қапталған және биіктігі 3 метрге жетеді. Қалашық қатты қираған күйде.
Қорғалатын аймақтың жалпы ауданы 29,5 гектарды құрайды. Оның ішінде: қорғау аймағының ауданы – 6,4 гектар; құрылыс салуды реттеу аймағының ауданы – 23,1 гектар.
Қорғанша бекінісі XV-XVI ғасырларға жатады және Жайық өзенінің ежелгі арнасының маңында орналасқан. Жергілікті тұрғындар оны қорғаншы деп те атайды. Ол туралы халық арасында көптеген аңыздарды кездестіруге болады. Жазбаша дереккөздерде бұл қалашық туралы деректер кездеспейді, өйткені ежелгі уақытта ол басқаша аталған болуы мүмкін.
Басты негізгі көздер өлеңдер мен аңыздар. Аңыз бойынша, Асан Қайғы Еділден көшіп бара жатқанда, ол бірнеше жүз адаммен бірге осы жерде 10 жыл тұрған. Бұл туралы Мұрат Мөңкеұлының "Үшқиян" поэмасында айтылған. Ал Шинияз Шанайұлы өз шығармаларында Қорғанша қалашығын Нұралы хан салған деп айтылады.
2006-2007 жылдары қалашықта М. Қасеновтың бастауымен Атырау мемлекеттік университетінің археологтар тобы жұмыс істеді.
Әдебиеттер:
1. Сакральный Казахстан. Т.2. – Астана, 2018 – С.181;
2. Решение Атырауского областного маслихата от 20 июня 2018 года № 227-VI. Приложение – 8;
3. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы: Қызылқоға, Индер ауданы. - Атырау, 2012.- 67-68 бет;
4. Касенов М.С. Батыс Қазақстандағы ортағасырлыр қалалармен елдімекендер- Түркістан, 2001, 309 б.;
5.Касенов М.С. Атырау-Каспий ойпатындағы отырықшылық ескерткіштері. - Атырау – 2011. - 113 б.