Құрманғазы ескерткіші
Географиялық орналасқан орны: Атырау қаласы, Азаттық даңғылы.
Координаттары: N 47°05'40.0" E 51°55'24.5"
Нысанның мәртебесі: ХІХ ғасырдың сәулет және қала құрылысы ескерткіші.
Сипаттамасы: 2000 жылы Атырау қаласында орнатылған. Сәулетші К. Жарылғапов, мүсінші Е. Рахмадиев.
Ескерткіш Махамбет көшесі мен Азаттық даңғылы қиылысында орналасқан. Гранитті тұғырдың биіктігі – 4 метр, қола мүсіннің биіктігі – 4 метр, жалпы ескерткіштің биіктігі 8 метрді құрайды.
Құрманғазы Сағырбаев 1823 жылы Жиделі ауылында дүниеге келіп, 1889 жылы қазіргі Астрахан облысының Алтынжар селосында жерленген.
Құрманғазы – қазақ саз өнерінің классигі, көптеген көпке танымал күйлердің авторы. Күйші шығармаларының басты бағыты халық пен жеке тұлғалардың еркіндік тақырыбына арналады. Оның шығармалары ішінде ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісовтың жетекшілігімен болған халықтық-азат ету көтерілісіне ерекше көңіл бөлген. Құрманғазы бұл көтеріліске өзінің алғашқы шығармаларының бірі - "Кішкентай" күйін арнады. Кейінгі күйлерде "Ақбай", "Ақсақ киік", "Түрмеден қашқан", "Адай" т.б. ол халықтың бостандық туралы арманын жырлайды, әділетсіздікке наразылық білдіре отырып, қоғамдық мүдделердің қақтығысын көрсетеді. Құрманғазы туындыларында қоғам мен адам арасындағы қарым-қатынастың ерекше әлеуметтік-психологиялық сәттері айқын көрінеді. «Аман бол шешем, аман бол», «Қайран шешем», «Ертең кетем», «Бұқтым-бұқтым» күйлерінен адам дауысының, табиғаттың, тірі қарым-қатынастың интонациясы айқын байқауға болады..
Ескерткіш тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген және мемлекеттің қорғауына алынған.
Әдебиеттер:
1. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы: Атырау қаласы және Махамбет ауданы. IV Т. - Атырау, 2013.- 88 бет;
2. Сакральный Казахстан. Т.2. – Астана, 2018 – С. 197-199.