Ақпарат
Фотогалерея
Бейнеролик
3D моделі

Байбақты ата кесенесі

Географиялық орналасқан орны: Мақат ауданы, Доссор кентінен солтүстікке қарай 10 км қашықтықта.

Координаттары: N 47°37'35.8" E 52°57'06.6"

Нысанның мәртебесі: Қала құрылысы және сәулет ескерткіші.

Сипаттамасы: Әулие Байбақты ата жерленген жерге алғашқы кесене 1914 жылы тұрғызылды. Қазіргі кесене 1997 жылы ұлутастан салынды. Ғимараттың биіктігі - 6 м., ұзындығы – 4 м., ені – 3.5 м., күмбездің диаметрі – 2.5 м., кесененің бүкіл периметрі бойынша биіктігі 1,5 м. болатын темір қоршаумен қоршалған. Кіре берісінде қазақтың ою-өрнегімен безендірілен арка орнатылған. Кесенеде батырдың есімі мен өмір жылдары әдемі ою-өрнекпен ойып көрсетілген.

Қармыстың жеті ұлының кенжесі Байбакты Қармысов 1823 жылы Жылыой ауданы Жем өзенінің бойындағы Айранкөл деген жерде дүниеге келген. Ол өзінің әділдігімен және көріпкелділігімен танымал болды.

Байбақты батыр таз Төремұратпен бірге жорықтарға қатысқан. Аңыздарға бойынша, ол ұрандатып жауға шапқан кезде, жауларға мың адамнан тұратын әскерлер немесе жылан көрінеді. Ол кезде Хиуа хандығы қазақ жеріне, атап айтқанда Кіші жүз аумағына шабуыл жасап, бейбіт адамдардың өмірі мен бостандығына қол сұғатын. Мұндай әділетсіздікке шыдамай, Байбақты басқа батырлармен бірігіп, оларға бірнеше рет лайықты тойтарыс берді.

Ол Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы шығып, отаршылдық әскерлерге қарсы күреске қатысты. Көптеген кедейлерге көмектесті. Оның киелілігінің дәлелі өзінің қайтыс болған күнін білу болды. Сол күндері әулие Байбақты ата ауылы Атырауда қыстап, ал жазда Сарыкөл, Тайсоған бойын жайлаған. Әулие Байбақты ауылы далада көшіп-қонып жүргенде Доссордың солтүстігіндегі, Тасқұдық жеріне тоқтап Байбақты ата барлық ақсақалдарды жинап: "Маған ажал келген сияқты, мені осы жерде қалдырып, өздерің әрі қарай көше беріңіздер" - депті.

Байбақты ата 1914 жылы қайтыс болып, Тасқұдықта жерленеді. Сол кезден бастап адамдар Байбақты әулиеге табынып, оның қабірін қасиетті орын дәрежесіне көтерді. Байбақты атаны еске алу үшін оның қабіріне кесене тұрғызылды.

Нысан Республикалық маңызы бар мемлекеттік ескерткіштер тізіміне енгізілген.

Әдебиеттер:

1. Сакральный Казахстан. Т.2. – Астана, 2018 – С.161-162;

2. Региональные сакральные объекты Казахстана. – Алматы, 2017- С.150;

3. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Жылыой, Мақат аудандары. – Алматы, 2013 –б. 248.