Ақпарат
Фотогалерея
Бейнеролик
Виртуалды тур
3D моделі

Сарайшық қалашығы

Географиялық орналасқан орны: Махамбет ауданы, Атырау қаласынан солтүстікке қарай 50 км, Сарайшық ауылынан шығысқа қарай 1,5 км қашықтықта Жайық (Орал) өзенінің жағасында орналасқан.

Координаттары: N 47°30'08.2" E 51°43'59.1"

Нысанның мәртебесі: Археология, қала құрылысы және сәулет ескерткіші.

Сипаттамасы: Сарайджук қалашығы (қазіргі атауы - Сарайшық) Ертістен Дунайға дейінгі үлкен аумақты алып жатқан кейіннен Алтын Орда деп аталған Жошы ұлысы империясының басқа да қалаларымен қатар алғашқы он жылдығында салынған қалаларының бірі.

Бұл Алтын Орданың ірі қаласы және сауда орталығы болды, осы қала арқылы Еуропадан Орта Азия мен Қытайға баратын ең қысқа жол өтті. Алтын Орда дәуірінде Жошы империясының ең әдемі қалаларының бірі болса, кейіннен Ноғай Ордасы мен Қазақ хандығы кезінде осы мемлекеттердің астанасы болды. Ежелгі қаланың тарихы терең және Қазақстан тарихында маңызды орын алады. Мұнда Ноғай Ордасы билеушілерінің, кейін алғашқы қазақ хандарының ордасы орналасқан. Мұнда жеті хан жерленген деп саналады: Алтын Орда - Сартақ, Берке, Тоқтақия, Жәнібек, Қазақ ханы Қасым, ноғай Ысмайыл және Ораз.

Бұл қалашықтың шынайы пайда болу кезеңі бұрынғы даталармен есептеледі. 10 ғасырда қалашық орнында ежелгі қоныс болған, оның дамып гүлдену кезеңі Алтын Орда кезеңіне сәйкес келеді. Бұл әдемі ерекше қала екі рет толығымен жойылуға ұшыраған. Бүгінгі таңда қаланың орнында бір кездері гүлденген қаланың қиранды үйінділерін ғана көруге болады.

1999 жылы мұнда "Хан Ордалы Сарайшық" мұражайы және ескерткіш пен бірге тарихи кешен салынды.

Әдебиеттер:

1. Сакральный Казахстан. Т.2. – Астана, 2018 – С.219-220;

2. Сакральные объекты Казахстана общенационального значения. – Астана, 2017 – С.141-143;

3. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы: Атырау қаласы және Махамбет ауданы. IV Т. - Атырау, 2013.- 131-149,225-231, 241 - 246 бет;

4. Левшин А.И. Известия о древнем татарском городе Сарайчик –СПб., Северный архив- 1824, №4;

5. Боркин Л.Я., Ганнибал Б.К., Голубев А.В. Дорогами Петра Палласа- СПб-Уральк-2014;

6. Самашев З., Кожа М. Элитный культовый комплекс Сарайчика// Вопросы истории и археологии Западного Казахстана-Уральск, 2007, №1.- С.236-257;

7. Средневековые города бассейна реки Урал. / под ред. Сдыкова М.Н. Кн.1. – Уральск, 2014 – 186 с.