Ақпарат
Фотогалерея
Бейнеролик
Виртуалды тур
3D моделі

Өскенбай қорымы

Географиялық орналасқан орны: Махамбет ауданы, Есбол ауылынан шығысқа қарай 30 км, 15-ауылдан солтүстік-шығысқа қарай 35 км қашықтықта.

Координаттары: N 47°40'53.8" E 52°03'13.7"

Нысанның мәртебесі: Қала құрылысы және сәулет ескерткіші.

Сипаттамасы: Қорым XIX-XX ғасырларда пайда болған. Қорымдағы негізгі басты нысан Өскенбайдың күмбезді бір камералы кесенесі болып табылады. Кесененің ішінде оңтүстік – батысқа бағытталған шыға беріске апаратын шикі кірпіштен қаланған баспалдақ бар.

Мамандар Өскенбай кесенесінің пайда болу уақытын XIX ғасырдың басына жатқызады. Іргетасы жоқ шикі кірпіштен тұрғызылған. Кесененің төрт қабырғасы жоғары қарай көтеріліп күмбез түзе отырып бір-бірімен ұштасады. Төбесінде тесік бар. Ескерткіш жартылай қираған ескірген күйде.

Кесененің күмбезі пішіні жағынан қазақтың киіз үйіне ұқсас болып келеді. Шикі саз кірпіштен тұрғызылған. Ксененің көлесі 10 х 9,98 м, жалпы биіктігі 8,8 м.

Атырау облыстық мәслихатының шешімімен Өскенбай қорымы тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізіліп, мемлекеттің қорғауына алынды.

Әдебиеттер :

1. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы: Атырау қаласы және Махамбет ауданы. IV Т. - Атырау, 2013.- 223-224 бет;

2. Мендикулов М.М. Памятники архитектуры полуострова Мангышлак и Западного Казахстана – Алма-Ата, 1956;

3. Мендикулов М.М. Памятники народного зодчества Западного Казахстана – Алма-Ата, 1987.