Ақпарат
Фотогалерея
Бейнеролик
Виртуалды тур

Жаналы Қорымы

Географиялық орналасқан орны: Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км, Алға ауылынан солтүстік-батысқа қарай 21 км қашықтықта.

Координаттары: N 47°33'58.2" E 51°49'501.7"

Нысанның мәртебесі: Қала құрылысы және сәулет ескерткіші.

Сипаттамасы: Ансамбль типіндегі ескерткіш. Махамбет ауданы Ортақшыл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км жерде орналасқан. XVIII – XIX ғасырларға жатады.

Кешен Нұралы ханның төртінші ұлы Сұлтан Жаналының құрметіне аталған. Қорымның орталық бөлігінде бірнеше кесененің қираған үйінділері бар, бір бөлігі әлі де жақсы сақталған. Эпиграфиялық жазулар араб графикасымен безендірілген. Құлпытастар сыртқы жағынан өрнектермен безендірілген.

Ескерткіштерді зерттеу 2005 жылы С.Е. Әжіғали бастаған экспедиция жүргізді. Зерттеу барысында қорымда қалмақ және казактармен азаттық жолындағы шайқаста қаза тапқан Нұралы ханның ұрпақтары жерленгені анықталды. Жаналы Сұлтан Нұралы ханның басшылығымен қалмақтармен болған шайқастарға қатысқан. Сырым батырды қолдап, 1792 жылы Амандық батыр көтерілісінде патшаның отарлау билігіне қарсы шығады.

Жаналы сұлтан осы қорымда жерленген. Құлпытастардағы жазуларға сәйкес қорымда Сейдәлі, Досәлі сұлтандардың жерленгенін көруге болады.

Әдебиеттер:

1. Сакральный Казахстан. Т.2. – Астана, 2018 – С.190 - 191;

2. Эпиграфические памятники атырауских казахов. Т.II. - Атырау, 2018 – С.18-32;

3. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы: Атырау қаласы және Махамбет ауданы. IV Т. - Атырау, 2013.- 187-194 бет;

4. История и культура Атырау в русских источниках (XVIII-XX вв.) Том 2. / сост. Кипиев М.- Атырау, 2014.