Ақпарат
Фотогалерея
Бейнеролик
3D моделі

Бала Ораз Өтебайұлы жерленген орын

Географиялық орналасқан орны: Махамбет ауданы, Таңдай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 30 км, Мойнақ ауылынан солтүстікке қарай 16 км қашықтықта.

Координаттары: N 47°43'01.1" E 51°19'12.5"

Нысанның мәртебесі: Қала құрылысы және сәулет ескерткіші.

Сипаттамасы: Сазгер, ақын, суырып салма ақын Бала Ораз Өтебайұлының кесенесі (1837-1882) Атырау облысы Таңдай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 30 км жерде орналасқан.

Ақынның жерленген орынға қазіргі ескерткіш 2007 жылы туғанына 170 жыл толуына байланысты орнатылды. Кесене бұрыштарында сары кірпіштен қаланған 4 бағаннан тұратын, үсті көгілдір түсті шатыр жабынмен жабылған құрылым болып табылады. Бағаналардың үстінде металдан жасалған жарты шарлар орнатылған. Кесененің биіктігі 7 метр, жақтары - 3 метрден. Ескерткіш периметрі бойынша биіктігі 1 метр болатын темір тормен қоршалған. Жоғарғы жағында Бала Ораз деген жазу бар. Кесенені ағайынды Балжігітовтар тұрғызған.

Бала Ораз Өтебайұлы 1837 жылы туып, 1882 жылы дүние салған. "Бала" тіркесі бар есім, шығармашылық дарындылықтың балалық шақта байқалғандығына байланысты берілген. Бала Ораз 9 жасынан бастап халық арасында танымал бола бастайды. Оның туған жері де, мәңгілік атамекені де Жем өңірі. Ол қазақ даласына суырып салма дарынымен, ақындығымен танылды.

Онымен айтысқа кез-келген ақын шыға алмады. Бала Оразға біткен шешендік, музыкалық дарындылық айтыстарда жеңіп шығуға мүмкіндік берді. Сол кездері айтыстар тойлармен қатар, халықтың көп шоғырланған орны базарда да өтті. Нағыз ақын әрқашанда өзімен бірге домбырасын ала жүрді. Ыңғайлы жағдайда ақындар поэтикалық жекпе-жектерге шығып өз шеберліктерін шыңдап отырды. Олардың тыңдаушылары халық болып, өзіне ұнаған сүйіктілеріне мақтауларын аямады.

Ерте жетім қалған Бала Ораз Өтебайұлы жастайынан Жайық, Ойыл, Жем жағалауларын көп аралады. Туған өлкесінің аңыздарын жинады, көптеген аңыздарды білді, танымал ақындармен танысты. Атыраудың атақты ақындары Мұрат Мөңкеұлы, Құлманмбет, Тама Досжанмен жақсы таныс болған. Суырып салма айтыс өнерінде ақын қыздар Жібек пен Алмамен сайысқа түскен. Ақын достарын шақыра отырып, Бала Ораз өзі айтысқа қатысуға тырысқан. Ақын суырып салма шеберлігінде өнердегі басқа атақты әріптестерінен кем түспеді.

Бүгінде ақынның өнері зерттелуде. Бала Ораз Өтебайұлының мұрасын іздестіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бала Ораз Гурьевке арналған алғашқы ән авторының бірі болғаны белгілі. Оның поэзиясының негізгі тақырыбы халықтың өмірі. "Егер менің халқым бостандыққа қол жеткізсе, ол қалған барлық нәрсеге өзі жетер еді", – деп Бала Ораз өлеңдерінде бірнеше рет айтқан.

Бала Ораз Өтебайұлы өмірінің соңғы жылдарын Нарынқұмда өткізді.

Махамбет ауданы Бақсай ауылында көз жұмған жерде, көкжиекке дейін ашық далада, 2007 жылы ақынның 170 жылдығына орай, ақынның қабірінің үстіне әсем кесене тұрғызылды.

Әдебиеттер:

1. Сакральный Казахстан. Т.2. – Астана, 2018 – С.162-163;

2. Региональные сакральные объекты Казахстана. – Алматы, 2017- С. !51;

3. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы: Атырау қаласы және Махамбет ауданы. IV Т. - Атырау, 2013. - 162-164 бет.