Ақпарат
Фотогалерея
Бейнеролик
3D моделі

Күйші-композитор Дина Нұрпейісованың ескерткіші

Географиялық орналасқан орны: Атырау қаласы, Қ. Сәтбаев даңғылы

Координаттары: N 47°06'12.3" E 51°53'11.5"

Нысанның мәртебесі: ХХ ғасырдағы қала құрылысы және сәулет ескерткіші.

Сипаттамасы: Ескерткіш Қ. Сәтпаев атындағы даңғыл бойында гранитті тұғырға 2000 жылы Атырау қаласындағы музыка академиясы ғимаратының алдында орнатылған. Сәулет ансамблінің авторы-сәулетші К. Жарылғапов, ал ескерткішті белгілі мүсінші Н. Даубай жасаған. Ескерткіш қоладан құйылған - биіктігі 3 метр.

Дина Нұрпейісова (1861-1955 жж.) - қазақ күйші-композиторы және домбырада ойнаудың кемеңгер орындаушысы.

Ол 1861 жылы Батыс Қазақстандағы Бекетайқұм елді мекенінде дүниеге келген. Домбырада ойнауды әкесінен үйренеді; оның ұстазы Құрманғазы да болды. Оның шығармашылық жолы классикалық өткен шақ пен домбыра музыкасының қазіргі жай-күйі арасындағы өтпелі кезең болып табылады. Онда қазақ халқының тарихындағы ірі оқиғалар (1916 жылғы азаттық қозғалысы, революция, Ұлы Отан соғысы, соғыстан кейінгі қалпына келтіру кезеңі) көрініс тапты. Дина өзінің шығармашылығын сүйікті ұстаздары мен тәлімгерлерінің ортасынан бастап, барлық сынақтардан өте отырып, соғыстан кейінгі бейбіт кезеңде домбыра өнері классиктерінің ұлы жетістіктерін өз қолымен келесі ұрпаққа тапсырды. Дина өз интерпретациясында күй тақырыптарын, формасының барлық ерекшеліктерін дәл сақтай отырып, сонымен қатар, ол барлық музыкалық бейнелерді драматургияға түсіріп, өзіне тән жарқын, асқан шебер, психологиялық ширақ мәнерде күйлерді орындап, күйге тән байсалдылықты өзгерту негізінде, оларды ырғақтық, қарқынды, белсенді дамуына әсер етті.

Өмір бойы ол өзінің домбырада ойнауын жетілдіріп, жоғары шеберлікке қол жеткізді, куәгерлердің айтуынша, оның теңдесі жоқ домбырада ойнау техникасы болғандығын айтады. Динаның «Бұлбұл», «Көген түп», «Байжұма», «16 жыл», «Әсем қоңыр», «Той бастар», «Ана өсиеті», «Сауыншы», «8 Марта» және басқада шығармалары қазақ домбыра музыкасының классикасына айналды. 1955 жылы 31 қаңтарда Алматы қаласында қайтыс болды.

Әдебиеттер:

1. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы: Атырау қаласы және Махамбет ауданы. IV Т. - Атырау, 2013.- 89 бет;

2. Сакральный Казахстан. Т.2. – Астана, 2018 – С.205-206.