Ақпарат
Фотогалерея
Бейнеролик
3D моделі

1836-1838 жылдардағы көтерілістің жетекшісі Махамбет Өтемісовке ескерткіш

Географиялық орналасқан орны: Махамбет ауданы, Махамбет ауылында, Абай көшесі.

Координаттары: N 47°40'34.1" E 51°35'13.8"

Нысанның мәртебесі: Мүсін ескерткіші.

Сипаттамасы: Атырау облысы Махамбет ауданы Махамбет ауылының орталық алаңына орнатылған. Ескерткіш ғимараттар мен саябақтар ансамблінің орталық фигурасы болып табылады.

Ескерткіштің жалпы биіктігі 10 метр 80 см, ескерткіштің биіктігі 5 м 40 см, тұғырдың биіктігі - 5 м 40 см. Мүсін қоладан жасалған, салмағы 5 тонна. Тұғыры темір бетоннан тұрғызылып гранитпен қапталған.

Ескерткіш 2017 жылдың желтоқсан айында орнатылды. Ескерткіштің авторы Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Серік Матениязов. Тұғырдың құрылысымен "Батыс Альянс строй" компаниясы айналысқан.

Әдебиеттер:

1. Сакральный Казахстан. Т.2. – Астана, 2018 – С.170-171;

2. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы: Атырау қаласы және Махамбет ауданы. IV Т. - Атырау, 2013.- 120-267 бет.